"КАРАВАН" газетінің тілшісі ел алдында жүрген бірқатар танымал тұлғалардан биыл жазда қайда демалғаны туралы сұрады.
Қоғам белсендісі, мәжілістің бұрынғы депутаты Айгүл Соловьева Түркияда демалыпты.
"Мен Ердоғанмен бір қонақ үйде болыппын. Сондықтан шығар, ондағы сыпайы қызметшілер аяқ астынан қатал боп шыға келіп, біраз шектеулер енгізді" дейді А.Соловьева.
Оның Түркиядағы демалысы керемет болған. Тек Соловьева ханымға қонақ үйдегі бір нәрсе ұнамай қалыпты.
"Қонақ үйде маған қызмет көрсету үшін түрлі адамдар келді. Каталогтарды қарадым, киім киіп көрдім, бір нәрселер тіктірдім, келгендерге шәй бердім. Бір сағаттан сәл ғана асатын осындай үш кездесу үшін қосымша 125 доллар төлеткізді. Бұл қауіпсіздік үшін дейді. Қауіпсіздікті ойласа, ешкімді кіргізбеу керек қой!" дейді А.Соловьева.
Тағы бір бұрынғы депутат әрі қоғам белсендісі Бақыт Сыздықова да Түкияда демалыпты. Ол әр елден келген достарымен бірге Кемер қаласында болған.
"Кейбіреулер мені "ішкі туризмді неге қолдамайсыз?" деп кінәлап жатыр. Ел аумағындағы демалыс орындарына қуана-қуана барар едім. Бірақ, өкінішке қарай, табиғатымыз әр алуан бола тұрса да, бізде жылы теңіз, майда құм, соншалықты күннің қызуы жоқ қой" дейді Б.Сыздықова.
Мәжілістің қазіргі депутаты
Азат Перуашев та отбасымен Түркияға барып, Анталия жағалауында демалыпты.
"Бірақ көп уақытымды өз отанымда өткіздім. Шығыс Қазақстанға, Жамбыл, Шымкент жақтарға бардым. Солай аймақтарды аралап, халықпен кездестім.Маған жақсы жерлерді көрсетті, түйткілді мәселелерін айтты. Оңтүыстік Қазақстан облысында Біркөлік шатқалын, Жамбыл облысында Қаратауды көрдім" дейді А.Перуашев.
Ал қоғам белсендісі Сырым Әбдірахманов әдейі өз отанында демалады екен.
"Құдайға шүкір, шетелге баруға жағдайым жетеді. Алай ол жаққа өмірімде бір рет те шықпаппын. Тек жұмыс бабымен ғана бардым. Ал отбасыммен бірге Көктебеге болып, тауда демалдық. Жыл сайын сол Алматыдағы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ескерткішіне балаларыммен бірге тағзым етемін. Балаларым осы тарихтан тәлім алып өсіп келеді" дейді ол.
Ал министрлердің көбі осы жазда жұмысбасты болған сияқты. Олардың кейбірі тіпті еңбек демалысына шықпаған. Шыққанның өзінде қысқа уақыт қана демалыпты.