"Gallup қызметі жүргізген сауалнамалық талдау қорытындысы қорқынышты ағымды паш етті: бұрынғы кеңестік елдер халқының басым бөлігі саяси тақырыпта өз ой-пікірін ашық білдіруден сескенеді. Бұрынғы жеті кеңестік республикада халықтың айтарлықтай бөлігі "үндемеген үйдей пәледен құтылады" деген ұстанымда", - деп хабарлайды Washington ProFile.
Ең күрделі ахуал Тәжікстан мен Арменияда қалыптасқан, онда саяси мәселелер жөнінде өз пікірін ашық білдіруден сауалнамаға қатысқандардың 68% қауіптенеді. Молдовода ондайлар - 63%, Әзербайжанда - 60%, Өзбекстанда - 57%, Литвада - 55%, Грузияда - 54%.
Қалған кеңестік елдерде жағдай бұдан біршама жақсы болғанымен, сескенетіндер саны бәрібір жоғары. Қазір Беларусь елінде саясат туралы ашық пікірталас өрбітуден тұрғындардың 50% қауіптенсе, Эстонияда - 45%, Қазақстанда - 43%, Латвияда - 42%, Ресейде - 40%, Украинада - 37%, Қырғызстанда - 33%.
2006 жылғымен салыстрғанда тек Қазақстан мен Қырғызстанда ғана жағдай әжептәуір жақсарса, қалғандарында жағдай керісінше нашарлаған. Регресс әсіресе Литва мен Грузияда байқалуда, онда өз көзқарасын ашық айтудан сескенетіндер саны екі есе артқан.