"Бұрынғы күйеуім қазіргі күйеуімнің мүшесінің ұзындығы қандай деп сұрайды": 28 жасар келіншек бәрін жайып салды

Ол келіншегінің көзіне шөп салып, артынша шаңырағын тастап, далаға қашқанын айтады. Өзімен бірге екі бөбегін жетектеп кеткен әйел болса бұрынғы жолдасын сексуалды маньяк дейді.

Бағдарлама барысында Қуан Нұрпейістің бұрынғы әйелі келіп бар шындықты айтып берді.

"Мас күйінде маған хабарласып, аузына келгенін оттайды. Мысалы, қазіргі күйеуімнің мүшесінің ұзындығы қандай, несі қандай деп сұрайды. Түннің бір уақытында сұрайды. Балаға қатысты сұраса жауап беремін ғой, Балаға қатысты сұраған да емес, келгенде емес", - деді келіншек.

Бағдарлама барысында Қуан бұрынғы әйелінің айтқанын жоққа шығарды.