Өткен жексенбіде, республикада "жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу кезеңіндегі уақытша құрылым ретінде" "Қырғызстанның лайықты келешегі үшін" деген бірлескен майдан құрылды. Жаңа бірлестік құрамына республиканың белгілі оппозионерлері, соның ішінде Қырғызстанның бұрынғы премьері Феликс Құлов кіріп отыр.
"Бірлескен майдан өзінің басты міндеті ретінде шынайы конституциялық реформалар жүргізуді қарастырады",- деп көрсетілген кеше таратылған мәлімдеме мәтінінде. Құжат авторларының пікірінше, "жуық арада мерізімінен бұрын сайланатын Қырғызстан Республикасының президенті мұндай реформалардың бастамашысы әрі кепілі болуға тиіс".
Оппозиционерлер Қырғызстан президентінің іс-әрекеті Құрманбек Бакиев пен Феликс Құловтың сайлау алдындағы тандемінің ыдырауына байланысты заңсыз болып табылады, деп санайды.
"Президент сайлауын мерізімінен бұрын өткізу, Қ.Бакиевтің конституциялық реформаларды тоқтатуға бағытталған әректтерімен өзінің беделінен айрылуына, сонымен қатар өзінің қол қойған, соның ішінде тандем аясындағы міндеттерінен бас тартуына байланысты өзінің легитимділігінен айрылуына негізделедә",- деп атап көрсетілген оппозиция мәлімдемесінің мәтінінде.
Бұрын хабарлағанымыздай, Қ. Бакиев пен Ф. Құлов 2005 жылдың мамыр айында тандем құру туралы меморандумға қол қойған болатын. Бұл құжаттың талаптарына сәйкес, егер Қ. Бакиев мемлекет президенттігіне сайланған жағдайда Ф. Құлов республиканың премьер-министрі болып тағайындалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті