Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "президент өкімімен Әнуарбек Жәлелұлы Сұлтанғазин Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, ол басқа жұмысқа ауысты".
Сонымен бірге, мемлекет басшысының өкімімен Асқар Бейсенбаев президенттің Қазақстан Республикасы парламентіндегі өкілдігінің жетекшісі болып тағайындалды.
Бұған қоса мемлекет басшысының жарлығымен Үсен Жетенов ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.