Бұрынғы Семей полигонында радионуклидтердің миграциясына жол бермеу жобасы жүзеге асырыла бастады

М.Яшкарованың айтуынша, жобаны INTAS халықаралық ғылыми ұйымы қаржыландыруда. ҒЗИ-ның қызметкерлері бұл ұйымның 100 мың евро көлеміндегі грантын жеңіп алған. Гранттың басым бөлігі Семей полигонындағы радионуклидтердің су және желдің әсерімен миграцияға ұшыруына жол бермеуге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын ынталандыруға жұмсалады. Жоба екі жылда жүзеге асырылуы тиіс. Оған отандық ғалымдармен бірге Ресей, Беларусь, Германия және Швейцариялық зерттеуші-химиктер қатысады, деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылы республика үкіметі 5 жылға есептелген радиациялық қауіпсіздік бағдарламасын қабылдаған. Қазір полигон аясындағы жерлерді шаруашылық мақсатта пайдалануға бағытталған зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Алайда ол үшін жердің зиянсыздығына көз жеткізу, ал зарарлы аумақтарды мейлінше сауықтыру қажет.