Ол елдің алдында жүрген "кумирлердің" дінге кетуіне қарсы екенін ашып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Журналистің сөзінше өзінің дәл осындай екі бірдей кумирі жақында хиджаб оранып кеткен.
"Көз алдымда екі “кумирім” хиджап киіп кетті.
Бірінші тұрған Ұлпан Нұрбекова фитнес тренер. Бодибилдинг бойынша бірнеше дүркін чемпион, отбасы бар. Алматыда жақсы бір жерде, үлкен үйде(коттедж) тұрды. Жеке өмірінен гөрі спорт пен жаттығу, дұрыс тамақтану жайлы көбірек бөлісетін. 29 мың подписчигі бар екен. Бұрынғы
Екіншісі. “Леди повор” деген келіншек. Тикток алғаш шыққанда үнсіз ғана тамақ пісіретін тренд видеоларды осы ханым түсіретін. Бұл да Алматыда, жақсы үйде(коттедж) тұрады. Жып-жылы видеоларының арқасында ТТ-да тез танылды. О заманда о жақта 3-4 түйір ғана отыратын ек. Жоғалып кеткен. Жақында шықты. Хиджап киіп кетіпті.
Бұл не сонда? Менің кумирлерім түгел хиджап киіп кетті, мен де киуім керек деген сөз бе?", - деп жазды ол.