Көптен күткен сәбиіне асығамын деп «майор» басқа белгісіз бүлдіршіннің өмірін қияды. Қатты жылдамдықтың салдары. Ал бұл «майор» шеніне кешірілмес күнә болғандықтан, әріптестері қылмыстың ізін жаысыруға тырысып бағады.
7 жасар ұлынан айырылған ана болса, әділеттілік іздеп талай құзырлы органдарға шағым түсірген. Алайда, шенді азаматты абақтыға тоғытар ешкім табылмай, қайта жақтаушылары көбейеді.
Нариман Әбиев, «Меломан» компаниясының қызметкері:
- «Майор» туындысы көптеген халықаралық кино байқаулардың жеңімпазы. Тіпті белгілі актер Том Купердің өзі бұл фильмді ерекше бағалаған болатын.
Кинокартинаның үздік екенін, әрі алғашқы көрсетілімнен-ақ тиесілі прокатын ақтайтынына мамандар сенімді. Жанры драма болса да өз көрерменін табады деп отыр.
Вадим Голенко, «Меломан» компаниясының бас директоры:
- Менің «Майор» киносын көруге кеңес беруімнің басты себебі белгілі қос продюсердің еңбегі. Яғни Алексей Учитель мен Тимур Бекмамбетовтың бірлескен туындысы. Сондықтан, екі шебердің фильмін көрмеу мүмкін емес.
Бір жарым сағаттық «Майор» картинасын енді ел тұрғындары бүгіннен бастап барлық кинотеатрлардан тамашалай алады. Ал оларға бұндай мүмкіндікті еліміздегі «Дисней» жане «Сони» студиясының ресми дистрибьютері «Меломан» компаниясы беріп отыр.