Бүтін бір ауыл қар құрсауынан шыға алмай отыр


-Адам өліп жатса молдаға дейін келе алмады. Өздері шығарды. Ешкімге керек болмай қалдық. Тыңдайтын адам жоқ.

Бұл таспаны бізге Тасөткелдіктер интернет арқылы жіберді. Кадрда ауылдағы дүкеннің сөресі бос тұр. Тұрғындар тіпті ұн, қант мен шәй секілді ең қажетті тауардың өзінен тарығып отыр. Ауыл әкімімен хабарласқанымызда, бүгін кештен қалмай Тасөткелге апаратын жолды «тазалаймыз» деп уәде берді. Айтуынша, коммуналдық қызметтегілер жұмысқа үш күн бұрын кіріскен екен. Алайда, қарды тазалауға шыққан техника бұрқасынға тап болып, бұзылып қалыпты.