Бүтін бір отбасы шырт ұйқыда жатып бақилық бола жаздады

Түкке түсінбеген отбасы мүшелері есікке қарай еңбектеп қашып, бас сауғалаған. Үйдің төрт бұрышы да түгі қалмай бүлініпті. Ал төбесі опырылып ортасына түскен. Қымбат көлікті тізгіндеген кілең жас жігіттер көрінеді. Араққа сылқия тойып алып әрең тұрғандар оқиғадан соң көп ұзамай ізін суытқан.


Айбар Хаиров, үй иесі:

- Шеттерінен удай мас. Екеуі үйден шығып қашып үлгерді. Жолда тоқтаған бір автокөлікке мініп, жоқ болды. Тас қараңғы еді. Түрлерін көре алмай қалдым.