БҰҰ өкілі Кэрол Бэчелордің айтуынша, жұма күні «Ислам мемлекеті» содырларының Кобани қаласына таяп қалғанына байланысты Түркияға бет алған босқындар саны артып кеткен. Соңғы ақпарат бойынша, қарулы топ қаладан 10-15 шақырым жерде. Егер олар қаланы басып алған жағдайда шекаралық аумақты бақылайтын болады.