БҰҰ: Африканың шығысын аштық жайлады


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басты себеп – қуаңшылық.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері қазірден дабыл қағып жатыр. Жыл басынан бір үзім нанға мұқтаж жандардың қатары 9 миллион адамға толыққан. Жұт жайлаған аймақта мал қырылып, ауыз су жетіспей жатыр. Жүздеген тұрғын босып кетті. Сарапшылардың есебінше, алдағы 6 айда дағдарысты еңсеру үшін кемінде 418 миллион АҚШ доллары қажет.