Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик таратқан мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«БҰҰ 22 тамыз күні Ауғанстанның астанасынан 120 адамды Алматыға жеткізді, бұл соңғы аптадағы осындай екінші әуе рейсі. Жолаушылар қатарында БҰҰ қызметкерлері мен Ауғанстандағы БҰҰ-ның әріптестері саналатын бірнеше үкіметтік емес ұйым мүшелері бар», - делінген хабарламада.
Өткен аптада БҰҰ-ның жүзге жуық қызметкері Кабулдан Алматыға қашықтан жұмыс істеуді жалғастыру үшін жеткізілді. «Талибан» радикалды қозғалысының шешуші шабуылының алдында Ауғанстандағы БҰҰ-ның түрлі миссиясында жергілікті халық арасынан 3 мың адам және 700-ден астам шетелдік жұмыс істеген.
«Талибан» радикалды қозғалысының жауынгерлері 15 тамыз күні шайқассыз Кабулға кіріп, бірнеше сағаттың ішінде ауған астанасында толық билігін орнатты.