Ақпарат орталығының мәліметтері бойынша жиналыста Пан Ги Мун әлемдегі азық-түлік дағдарысы табысы төмен елдерде 100 млн адамды кедейшілікке ұрындырғанына назар аударды. Ол атап өткеніндей бүгінгі кезде аштықтың алдын алып қысқа мерзімді көмек көрсету шараларын жүзеге асырып қана қоймай, бидай дақылдарын өсіру алқаптарын кеңейту қажет.
Бас хатшы азық- түлік дағдарысына ұрындыратын үлкен саяси текетірестерді алдын алуға шақырды. Ол мәлімдегеніндей БҰҰ жаһандық мәселені шешуге бағытталған процесті басқаруы тиіс.
Пан Ги Мун еске салғанындай, 2002 жылдың 22 наурызында дамуды қаржыландыру мәселесі жөніндеге Монтеррей консенсусының қорытындысын шығару үшін әлемдік басшылар қараша айында Доха, Катарда бас қосады. Олар қол жеткізілген жетістіктерге баға беріп, орта деңгейлі табысы бар мемлекеттердің сауда саласының дамуында тосқауыл болып тұрған жайттарді қарастырады. Сондай-ақ дамуы төмен елдердің қаржылық нарығын тұрақтандырып, сауда-саттық жағдайын жақсартуға қолғабыс жасайды.
Пан Ги Мун сауда-саттықтың ахуалы төмен елдердің экономикалық дамуының негізгі қозғалтқыш күші бола алатынын тағы бір ескертті.