БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен Қазақстан Үкіметі келісімге қол қояды


Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумында БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас директоры Жозе Грациано да Силва мәлім етті.

«Алдағы сенбіде БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен Қазақстан Үкіметі тиісті келісімге қол қояды. Осы орайда біздің ұйым елдің тұрақты дамуына өз үлесін қосуды жалғастырады. Біз осында кеңсемізді ашамыз. Бұл тұрғыда Қазақстанға және Орталық Азиядағы көршілес елдерге пайда тигізетін ынтымақтастықтың жемісін жақын арада көретін боламыз», - деді Жозе Грациано да Силва.

Оның сөзіне қарағанда, осы тектес ынтымақтастық әлем елдерінде ашаршылыққа жол бермеуге мүмкіндік береді.