БҰҰ бас хатшысы халықаралық қауымдастықты әйелдер мүддесі үшін қаржыны ұлғайтуға шақырды

"Пан Ги Мун үкіметтерді әйелдер мүддесі үшін инвестицияларды ұлғайтуға шақырды. Өйткені, олар әлемде бейбітшілік пен экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге септігін тигізіп, қомақты пайда әкеледі ", - деп хабарлайды БҰҰ баспасөз орталығы.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша БҰҰ бас хатшысы бас қосуда шағын қаржыландырудың жетістіктерін атап өтіп, хал ахуалы төмен әйелдерге шағын несие беру тәжірибесіне назар аударды. Ол айтқанындай, ондай несие алушылар саны 1999 жылдан 2005 жылға дейін 10 млн-нан 69 млн-ға дейін өсті. Пан Ги Мун атап өткеніндей, 50 мемлекеттің үкіметі бюджет жобасын құрастыру кезінде әйелдер мүддесін ескеріп жасауды ұсынды.

Ол атап өткеніндей, бұл салада әлі талай істерді жүзеге асыру керек және халықаралық қауымдастық мүшелерін әйелдер мен қыз балалар мүддесі үшін инвестицияны ұлғайтуға шақырды.

БҰҰ бас хатшысының пікірінше, гендерлік теңсіздік сақталатын елдердің экономикалық шығындарын және оларды жою үшін қажетті ресурстарды есептеу қажет. Сонымен қатар БҰҰ басшысы айтқанындай, әйелдер құқығы мен оларды қорғауға бөлінетін қаржыны үнемі бақылау керек.

Пан Ги Мун атап өткеніндей, үкімет ұлттық бюджет жобасын жасау кезінде әйелдер мүддесін ескерулері тиіс. Өз тарапынан ол гендерлік мәселелер мен әйелдер жағдайын жақсарту жөнінде бас хатшының арнайы кеңесшінің канцелярия қызметкерлері қатарын екі есеге ұлғайтып, БҰҰ хатшылығының гендерлік құрылымын жақсартатынына уәде берді.