БҰҰ Бас хатшысы Қырымға қатысты диалогтарды қайта жандандыруға шақырды

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик мәлім етті.

Оның айтуынша, «БҰҰ Жарғысына қайшы келмейтін, Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтірмейтін жолды табу үшін жұмыс істеу керек».

С.Дюжаррик «БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун дағдарыс басталғалы бері тараптарды жағдайды ушықтырмауға шақырғанын» атап өтті.

"Пан Гим Мун Қырым референдумының нәтижелерін мойындай ма?"  деген сұраққа ол: «бұл бас хатшының міндетіне кірмейді» деп жауап берді.