БҰҰ Бас хатшысы Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдерін «батыл реформалар» жасауға шақырды

«Мен қазір репрессиялық тәсілдер емес, батыл реформалар қажет болып тұрғанын тағы да қайталап айтамын», - деді ол Нью-Йоркте өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, соңғы кезде Ливия, Бахрейн және Йемен сынды Солтүстік Африка, Таяу Шығыс елдерінде халықтық толқулар күшейіп отыр. Олар биліктен саяси және экономикалық реформалар талап етіп отыр.