БҰҰ Бас хатшысы Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты алаңдаушылық білдірді


Халықаралық ұйымның мәлімдемесінде: «Бас хатшы бейбіт халықтың обалына қалып, ондаған адамның өмірін қиған ахуалдың ушығуына барынша жол бермеуге күш салуға шақырды», - делінген.
Ол «ең алдымен 2014 жылдың қыркүйегінде бекітілген келісімді бұзуды тоқтатып, соғыс қимылдарын кешіктірмей және толығымен доғаруды» талап етті.