БҰҰ Даму бағдарламасы дүниежүзі елдеріндегі адамзат дамуының деңгейі туралы баяндаманы жариялады

Баяндама мәліметтеріне сүйенсек, өмір сүруге неғұрлым қолайлы жағдай Исландияда жасалған. Одан кейінгі орындарда Норвегия, Австралия, Канада және Ирландия елдері жайғасқан. Ең соңғы 177-ші орында - Сьерра-Леоне. Буркина-Фасо (176-ы орын), Гвинея-Бисау (175-і орын), Нигер (174-і орын) және Мали (173-і орын) елдеріндегі жағдай одан сәл жақсы.

Баяндамада айтылғандай, бұрынғы кеңес республикаларының ішінде Литва, Эстония және Латвия елдерінде өмір сүру жанға жайлы. Олар тиісінше 43, 44 және 45-ші орындарды иеленген. Олардан төмен рейтингте Беларусь (64-ші орын) және Ресей (67-ші орын) орналасқан.

Қалған 10 ТМД республикасы орташа деңгейде дамыған елдер тобына жатқызылған. Қазақстан - 73, Украина - 76, Армения - 83, Грузия - 96, Әзербайжан - 98, Түркіменстан - 109, Молдова - 111, Өзбекстан - 113, Қырғызстан - 116, Тәжікстан - 122-ші орындарда орналасқан.

АҚШ, өткен жылдармен салыстырғанда, 8-ші орыннан 12-ші орынға төмендеген. Жапония 8-ші орында, Франция - 10, Ұлыбритания - 16, Оңтүстік Корея - 26, Чехия - 32, Қытай - 81, Түркия - 94-ші орындарда орналасқан.

Адамдар ең ұзақ өмір сүретін жер - Жапония. Онда орташа өмір сүру ұзақтығы - 82,3 жыл. Ал ең қысқа өмір жасы Зимбабведе - 40,5 жыл.

Ал сенімді мәліметтердің жеткіліксіздігінен, арасында Ауғанстан мен Ирак та бар, 17 ел БҰҰ Даму бағдарламасының рейтингіне кірген жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті