"Дүниежүзіндегі 40 жылдық жұмыс тәжірибесі бар БҰҰ-ның Даму бағдарламасы ұлттық дамудың үш тірегі бар екенін ұғады. Ол - адамдар, үкімет және жеке меншік сектор. Осы үш тіректің бірі әлсіреген жерде даму бәсеңдейді",- деді Г.Джонсон.
"Соңғы 15 жылда Қазақстанда аталмыш үш салада да өсім байқалды. Ұлттық үкімет жоқтан пайда болды, азаматтық қоғам гүлденіп нығайды, ал бекем нарықтық экономика бұрын мемлекеттік диктатура үстемдік құрған жерде қалыптасты",- деп атап өткен ол, дейтұрғанмен, "еркін рынок өз бетімен даму проблемаларын шеше алмайды" деген пікір білдірді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 205-жылдың 9-қарашасында Қазақстандағы бизнестің бірінші өкілі - "Қазкоммерцбанк" АҚ БҰҰ-ның ғаламдық келісіміне біріккен компаниялардың тізіміне қосылған болатын. Бұл ұйым өкілдерінің пікірінше, "Қазақстандағы бизнестің сапалық жоғары деңгейге көтерілгенін айғақтайды".
Ғаламдық келісім туралы бастаманы БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан көтерген. 1999-жылы Давоста өткен Бүкіләлемдік экономикалық форумда ол дүниежүзіндегі ірі компаниялардың жетекшілеріне әлеуметтік теңдік пен тұрақты дамудың ортақ принциптерін өмірде қолданысқа енгізуде БҰҰ мекемелерімен, бейресми ұйымдармен, кәсіподақ ұйымдарымен және әлем елдерінің үкіметтерімен күш біріктіруге шақырған. Бұл бастаманың басты мақсаты - жеке меншік сектордың әлеуметтік жауапкершілігін дамыту және оны жаҺанданудың айрықша өткір проблемаларын шешуге атсалыстыру болып табылады.
2005-жылдың 1-қарашасындағы жағдаймен Ғаламдық келісімге қатысушылардың тізімінде экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін 2300 әлемдік компания енген.