Кездесу барысында Комитет төрағасы бүгінгі таңда ҚР прокуратура органдары үшін балалардың құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету маңызды мәселе екенін, осы ретте барлық қадағалау қызметі 1994 жылы Қазақстанда бекітілген БҰҰ-ның балалар құқықтары туралы Конвенцияға негізделгенін атап өтті.
ІІМ де мемлекеттік органдардың алдында тұрған міндеттер, яғни балалардың құқықтарына және мүдделеріне қатысты бірқатар мәселелер, сондай-ақ , еліміздің құзырлы органдарының БҰҰ-ның балалар құқықтары жөніндегі комитетімен одан әрі ынтымақтастығы сөз болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті