Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш 23 наурызда әлемнің әр түкпіріндегі жаһандық ушығуларды тез арада тоқтатуға шақырған. Содан бері Қауіпсіздік кеңесі бұл үндеуді ресми қолдайтын резолюция бойынша келісімге келе алмады. Сәуірде Франция және Тунис БҰҰ ҚК қарауына резолюцияның жобасын ұсынды. Ол кезде резолюцияда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рөлін қай бағытта белгілеу не белгілемеу керек пе деген пікірталас шықты. Басты талас АҚШ және Қытай өкілдерінің арасында туындады. Бұл елдер қандай да бір ортақ шешімге келе алмады.
Осы аптада Франция және Тунис резолюцияның жаңа жобасын ұсынды. Онда мұның алдындағы нұсқадағы секілді ДДҰ туралы тікелей ештеңе айтылмаған.
Резолюцияның мәтініне сүйенсек, Қауіпсіздік кеңесі зорлық пен тұрақсыздық пандемияны ушықтыруы және қақтығыстың гуманитарлық салдары болуы мүмкін. Әскери қақтығыстарды тоқтатудан бөлек, құжатта қаруланған қақтығыстың барлық тарапына "кем дегенде 90 күн үзіліссіз тұрақты гуманитарлық пауза" қоюға үндеу жасады. Сонда гуманитарлық көмекті қауіпсіз әрі тұрақты түрде, кедергісіз жеткізуге болады.
Сондай-ақ бұл гуманитарлық пауза мен әскери іс-қимылдардың тоқтатылуы ДАИШ, "Әль-Каида", "Фронта ан-Нусра" (Қазақстанда тыйым салынған - еск.) секілді террористік ұйымдарға және олармен және басқа террористік топтармен (БҰҰ белгілеген) байланысы бар ұйымдарға қарсы әскери іс-қимылдарға қатысы жоқ екені нықтап жазылған.
Резолюцияда БҰҰ ҚК бас хатшыдан бітімгерлік операцияларға коронавирус пандемиясын тоқтатқысы келетін елдерге қолдау көрсетуді ұйымдастыруын сұрайды. Атап айтқанда, босқандырдың лагерлері мен қақтығыс аймақтарында тұрып жатқан адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді жеңілдетуді қалайды.