БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Эбола жөніндегі қарарды бірауыздан қабылдады

Бұл туралы британдық Би-Би-Си телерадиокорпорациясы мәлімдеді.

Қауіпсіздік кеңесі әлемнің барлық елдерін батыс Африкада індетке қарсы күресте көмектесуге шақырды.

Қарарда африкандық мемлекеттерге Эболадан зардап шекке елдермен шекарадағы жектеулерді алып тастау туралы ұсыныс бар, өйткені шектеулер бұл елдерді тек оқшаулағаны болмаса, вирусқа қарсы күресуге кедергі келтіреді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі алғаш рет тарихта адам денсаулығына төнген қауіпке арналған отырыс өткізді.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша Эбола безгегінен 2600-ден астам адам қайтыс болған.