БҰҰ "Миллиард ағаш" атты қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы бастаушылардың қозғалысы 18 айдың ішінде 155 мемлекетте қолдау тапты. Бұл туралы Нью-Йорке өткен баспасөз мәслихатында ЮНЕП атқарушы директоры Ахим Штайнер мәлім етті, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.
А. Штайнердің сөздері бойынша, осы уақыт аралығында екі млрд ағаш отырғызылды. Жерді жасылдандыру кампаниясына әлемнің түкпір түкпірінде мемлекеттердің миллиондаған адамдары қатысты.
ЮНЕП "Миллиард ағаш" науқаны БҰҰ-ның Күн райының өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қатысушы мемлекеттер конференциясының 12 сессиясында Найробиде 2006 жылдың қараша айында қабылданды. Кенияның Нобель сыйлығының лауреаты Вангари Маатаи мен Монако князі Альберт II жоба жөнінде идея көтерген. Жаһандық жылынудың тәуекелін төмендету үшін миллиард ағаш отырғызу идеясы ұсынылды. Бұл қоршаған ортаның ахуалына қатысты алаңдаушылықты іс жүзінде көрсетуге жасалған талпыныс, өйткені ағаштар көмір қышқыл газын сіңіреді. Ал көмір қышқыл газы күн райының жаппай жылынуына басты себеп.