БҰҰ құрылымындағы ДТҰ бас ассамблеясының кезекті сессиясы 2009 жылы Астанада өтеді

"БҰҰ құрылымындағы ДТҰ бас ассамблеясының 17-ші сессиясы барысында Астана бас ассамблеяның 18-ші сессиясын өткізетін орын ретінде таңдалды", - деді Е.Ашықбаев.

Оның айтуынша, қарашаның 23 мен 29 аралығында Колумбияның Картахена-де-Индиас қаласында Дүниежүзілік туристік ұйымның бас ассамблеясының 17-ші сессиясы өтті. Оған еліміздің туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов басқарған Қазақстан өкілдері қатысты.

"Құпия дауыс беру нәтижесінде Қазақстан Еуропалық аймақтық топ бойынша 2007-2011 жылдар аралығында БҰҰ құрылымындағы Дүниежүзілік туристік ұйымның атқарушы кеңесінің құрамына енді", - деді Е.Ашықбаев. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстанмен қатар бұл кеңеске Ресей, Италия және Франция да өтті. "Бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамудағы және оның туристік саласының жетістіктерін мойындау, сондай-ақ, Қазақстанның туристік брендін табысты ілгерілетудің нәтижесі болды", -деді СІМ өкілі.

БҰҰ құрылымындағы ДТҰ - UNWTO БҰҰ құрамындағы маңызды ұйымдардың бірі болып табылады. Оған 154 мемлекет мүше.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті