"Бұл бастама әлеуметтік теңсіздікті жоюға, әлеуметтік-экономикалық игіліктерге қол жеткізудегі теңдікті қамтамасыз етуге, демократиялық құқық пен бостандықты қамтамасыз етуге бағытталған",- деп атап өтті бүгін баспасөз қызметіндегілер. "Бүкіл мемлекеттердің жыл сайын 20-ақпанда Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күнін тойлауы халықаралық күш-жігерді әлеуметтік теңдікке қол жеткізуге жұмылдыруға мүмкіндік береді",- деп қосты Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіндегілер.
Қырғызстанның сыртқы саясат мекемесі сондай-ақ халықаралық қоғамдастыққа қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күнін белгілеу туралы шешім 26-қарашада өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясының 57-ші алқа отырысында мақұлданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті