БҰҰ РФ өкілі биоотын өндіруге көшудің кері әсерлеріне назар аударды

Д. Максимичев мәлімдегеніндей, ауылшаруашылығы әлемдегі кедейшіліктің көлемін қысқарту және тұрақты даму басымдықтары құралдарының бірі болып қала береді. Ол атап өткеніндей, ауылшаруашылық шикізаттары мен азық-түлік бағаларының күрт өсуі бірқатар мемлекеттердің әлеуметтік экономикалық тұрақсыздығына әкелу мүмкіндігі комиссияда талқыланып отырған мәселенің өзекті екендігін дәлелдеп отыр.

Ресей өкілдігі атап өткеніндей, дағдарыс "биоотын өндіруге қарқынды бет бұру азық-түлік қауіпсіздігі үшін кері әсер ету мүмкіндігі жөніндегі бірқатар елдердің, соның ішінде Ресейдің ұстанымының негізді екенін көрсетті".

Д. Максимичев атап өткеніндей, ауылшаруашылықтың тұрақты дамуына қол жеткізу үшін еңбек өндірісі мен тиімділігін көтеріп, ауылдық аудандардың әлеуметтік және тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымын, сондай-ақ табиғатты орынды пайдалану қажет.