БҰҰ Даму бағдарламасының Тәжікстандағы кеңсесінде бұл қаражат шегірткенің әрі қарай таралуына жол бермеу үшін пайдаланылмақ.
"БҰҰ биылғы жылдың ақпанында 25 млн АҚШ доллары көлеміндегі халықаралық көмек көрсетуге шақырған. Қазіргі сәтте БҰҰ жүйесінің агенттіктері елдегі жағдайды ескере отырып осы шақырудың мазмұнын қарастыруда. Қазіргі таңда шақыруға енгізілген жобалар қаржыландырудың қажетті мөлшерінің 44 пайызын ғана алды", - деп хабарлады БҰҰ Даму бағдарламасы.
2006 жылдың 9 наурызында құрылғанынан бастап Орталық резервтік қор стихиялық апаттар мен қарулы қақтығыстардың салдарын жою үшін 60 елдегі гуманитарлық жобаларға 750,4 млн АҚШ долларын бөлген. Қаңтар айынан бері қор жедел әрекет ету қажеттіліктеріне шұғыл грант түрінде 17 ел үшін 65,9 млн доллар бөлген. Ал 84,7 млн доллар қаржыландыру аса жетіспеген 14 елге бөлінген.