БҰҰ Сириядағы изопропанол қоры жайлы мәлімдеме жасады

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик мәлім етті.

«БҰҰ мен Химиялық қарудан қорғау ұйымының бірлескен миссиясы Сирияда жинақталған изопропанол қорының жойылғанын мәлімдеді», - деді ол Нью-Йоркте өткен брифингте.

С.Дюжарриктің айтуынша, химиялық қару жасау үшін қолданылатын заттар қорының 7 пайызы әлі Сирия аумағында қалып қойған. Өкіл осы заттарды тездетіп жоюға күш салуға шақырды.