БҰҰ Стамбулдағы лаңкесттік әрекеттерді айыптайды

Резолюцияда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің лаңкестіктің барша түрімен күресті жалғасыра беруге деген бұлтарыссыз шешімі туралы жарияланған. Құжат мәтінінде Түркия және Ұлыбритания халықтары мен үкіметтеріне, сондай-ақ, қаза тапқандардың жақындары мен туыс-туғандарына көңіл айтылған.

Бұған дейін БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан да өз мәлімдемесінде 27 адам қаза тауып, 400-ден астам адам жараланған Түркиядағы лаңкестік сипаттағы жарылыстарды айыптаған болатын. К.Аннан лаңкестік шараларды ұйымдастырушыларды "адам өмірін құрметтеу дегеннен мүлдем бейхабар лағнеттер" деп атады.