БҰҰ төрт күндік жұмыс аптасына көшуді ұсынады

Халықаралық еңбек ұйымының сарапшылары жұмыс аптасын қысқартудың пайдасына өз дәлелдерін келтіреді.

Біріншіден, бұл халықтың денсаулығын түзетуге мүмкіндік береді, өйткені қазіргі заманда көптеген аурулар жұмыс уақытын үнемі кеңседе өткізіп, күйзеліске шалдығу себебінен болып отыр.

Екіншіден, қысқа апта көбірек жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Үшншіден, әртүрлі зерттеулер адамдар аз жұмыс жасаса, неғұрлым өнімді еңбек ететінін көрсетуде. Ал кеңседе ұазқ сағаттар бойы жұмыс жасағандар көбіне қауырт қызмет істегендей болып көрінеді. Ал енді тағы бір зерттеулерде аптаның төрт күнінде ғана жұмыс жасаған адамдар  өздерін бақытты, өмірге қанағаттанған күйде  сезінеді.

Енді ақырында, қазіргі замандағы ең дәлелді уәж: жұмыс аптасының бір күнінен бас тарту қоршаған ортаға да оң әсер етеді, адамдардың жұмысқа бару-келуі  аптасына бірнеше миллиардқа азаяды.


Төрт күндік жұмыс аптасы идеясын, атап айтқанда, Google Ларри Пейдж компаниясының негізін қалаушылардың бірі және мексикалық миллиардер Карлос Слим де қолдап отыр.