БҰҰ Түркияның ресми атауын өзгертуге келісім берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжарриктің айтуынша, өзгеріс түрік билігі өтінішін берген күні күшіне енді.

"Republic of Turkey (Түрік республикасы) Republic of Türkiye атауына өзгертілді", - деді Дюжаррик.


Елдің қысқа атауы енді Türkiye болады. Бұған дейін Turkey болып келген.