"Дамушы елдерде гендерлік теңдікті алға жылжыту бойынша көрсеткіш ресми қолдау көрсету стратегиясында аз мөлшерді құрауда. Гендерлік теңдіксіз кедейлікпен жаһандық күрес жасалуы мүмкін емес деген дәлелдерге қарамастан осындай жағдай туындап отыр. Тіпті гендерлік тепе- теңдік және әйелдерді алға жылжыту мәселесі мыңжылдықты дамытудағы негізгі сегіз мақсаттарға қосылғанымен, қаржыландыру жеткіліксіз жасалып тіпті соңғы жылдары азайып барады.
ЮНЕСКО-ның ақпараты бойынша, инвестицияны ұлғайтудың бірінші кезегінде қор ресурстары, гендерлік теңдікті алға жылжытуға арналған шараларға тұрақты көмек көрсететін және белгілі ресурстары бар ресми стратегиялары кіреді. "Үкіметтер мен халықаралық ұйымдар гендерлік теңдікті қолға алып оның қаржыландыруы жөнінде мәселені шешулері керек. Халықаралық ұйымдар өздерінің қаржылық міндеттерін қайта қарап, гендердің теңдіктің басымдықтарын қамтамасыз етулері тиіс. Сонымен қатар біз жеке секторлар және қорлармен серіктестік жасауға талпынуымыз керек, сол арқылы жаңа қаржылық инновацияларға қол жеткізетін боламыз. Гендерлік теңдік барлық дамушы салалардағы серіктестер үшін басты іс болуы керек ", - деп жазылған баспасөз хатында.
Гендерлік теңдік ЮНЕСКО ұйымының 2008-2013 жылдарға арналған қысқа мерзімді жедел стратегиясында негізгі жаһандық басымдықтардың бірі болып белгіленген және бұл басымдық 2008-2009 бюджетінде, бағдарламада іс жүзінде асырылып жатыр."Гендерлік теңдік экономикалық дамудың күші ретінді болып, қоғамда өмір сапасын жақсартуға септігін тигізеді", - деп айтылған мәтінде.
"Әлеуметтік салаға қаржы қысқартылғанда оның зардабы хал ахуалы төмен әйелдер тартады. Қыздар мектепке бармай, жас әйелдер түрлі дерттерге шалдығып, түрлі зорлық зомбылықтардың құрбандары болып жатады.
Әйелдердің білім бері, әлеуметтік, экономикалық және кәсіби мүмкіндіктеріне инвестиция салу, гендерлік теңдікке талпыну қосымша тезис емес. Бұл адам құқығы, әділдік, жоғары тәртіптің даму заңы ", - деп атап өтті бюрода.