БҰҰ Украинаның шығысындағы жағдайды қиын деп бағалап отыр


Бұл туралы сәрсенбіде баспасөз мәслихатында БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик айтты.
"Минскіде шаралар пакетін қолдағандардың бәрі өз міндеттерін орындауға тиіс, қақтығыстарды тоқтатуы шарт, бейбіт тұрғындарға лайықты деңгейде өмір сүруге жағдай жасалуға тиіс және нағыз саяси диалогқа кірісу керек”, деді ол.
Оның айтуынша, БҰҰ Украинадағы адам құқы саласындағы жағдай туралы жаңа баяндаманы 2-наурыз күні ұсынбақ.