БҰҰ мәліметтері бойынша, апатты аймаққа 200 жылу пеші, қаптөсектер, көрпелер, жылы киімдер, гигиеналық заттар жеткізілді.
БҰҰ хабарлағанындай, кеше Ұлыбританияның үкіметі Қырғызстан тұрғындарына 400 жылы шатырды жіберетіндерін хабарласа, Норвегия үкіметі жер дүмпуінен баспанасыз қалғандарға 120 қысқы шатырды жөнелтті.
БҰҰ басқармасы басқа донор елдерді осындай шараларды қолға алуға шақырып, зардап шеккендердің азық-түлік, қосымша жылытқыш құралдарға эәру екендіктерін атап өтті.