Бөлінген қаржы Қытай тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге қатысатын БҰҰ қор жүйелері мен мекемелерінің жобаларын қаржыландыру үшін пайдаланылады. БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) шатырларды, көрпелерді және оқушыларға арналған құралдарды жіберді.
ЮНИСЕФ сондай-ақ, зардап шеккен аудандарға таза ауыз су, санитарлық және медициналық заттарды дайындап жатыр. Әлемдік азық-түлік бағдарламасы Қытайға бір аптада 120 мың адамды тамақтандыруға жететін макорон өнімдерін жібереді.