БҰҰ-да Назарбаев бірнеше бастама көтерді

Бас Ассамблеяда ешқандай цензура жоқ. Кім не айтқысы келсе де өз еркі. Жер-жаһан мұқият көз тігіп отырған жиындаҚазақстан президенті ең беделді ұйымды реформалап, 2045 жылға дейін жоспарланған арнайы бағдарлама қабылдауды ұсынды. Сонымен қатар Назарбаев, бірнеше жыл қатарынан айтып жүрген яғни, жаңа валюта енгізу керектігін тағы мәлімдеді. Елбасы лаңкестермен күресті күшейтіп, дағдарысқа соқтырған санкциялар соғысын дереу тоқтатуды да талап етті. Әлемге бір жақты позиция ұстанудан аулақ болуға кеңес берген Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымын Азияға көшіретін уақыт жетті деп отыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мемлекеттердің өзара қарым-қатынасына жаңа серпін беру үшін бұл тарихи мүмкіндікті пайдаланудың маңызы зор. Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселесін ойластыруды ұсынамын. Қазақстанның бастамаларын ұлттар қауымдастығы қабылдайды деп үміттенемін.

Loading...