БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 63-сессиясының басты тақырыбы - денсаулық сақтау жүйесін дамыту - Тәжин

Марат Тажин биылғы сессияның басты тақырыбы Азия-Тынық мұхиты өңірінде Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізу үшін экономикалық өсу қарқыны контекстінде денсаулық сақтау жүйесін дамыту екендігін еске салды. Дипломаттың пікірінше, аталмыш тақырып Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі елдерінде бүгінде жиі кездесетін мәселелер, олардың ішінде ең басты проблема ретінде жұртшылық үшін медициналық қызметтің ең аз деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау жүйесін жаппай жетілдіру болып табылатын көптеген мәселелерге назар аударуға мүмкіндік ашады.

Әлемдегі аса ірі құрлықішілік мемлекет ретінде Қазақстан, теңізге шығуға жолы жоқ санатындағы елдердің әлемдік экономикаға кірігуіне ықпалдасудың нақты шаралары қағидалары жазылған, теңізге шығуға жолы жоқ елдер үшін Алматы іс-қимыл бағдарламасын тиімді жүзеге асуына мүдделі. Аталмыш құжат Алматыда 2003 жылы тамыз айында өткен теңізге шығуға жолы жоқ, дамушы елдер проблемасы бойынша БҰҰ-ның бірінші жаһандық министрлер конференциясының қорытындысы бойынша қабылданғандығы белгілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті