БҰҰ-ның бас хатшысы Өзбекстанда күш қолданудан бас тартуға шақырды

Бас хатшы "Өзбекстанда соңғы тәуліктерде болып жатқан оқиғаларды үлкен алаңдаушылықпен қадағалап отыр және қарапайым азаматтар арасындағы құрбан болғандар туралы ақпаратты естігеніне өкінеді",- делінген хабарламада.

Өз мәлімдемесінде К.Аннан Өзбекстандағы қиындықтарға душар болған барлық жақтарды халықаралық қайырымдылық құқық талаптарын сақтауға, аймақта жұмыс істейтін БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Бас комиссары миссиясымен жан-жақты ынтымақтасуға шақырды.