БҰҰ-ның болжамына сәйкес 2030 жылы дүниежүзінде азық-түлікке деген сұраныс екі есе өседі

"Кейінгі уақытта әлемдік нарықта айтарлықтай өзгерістер болуда, бірақ, сарапшылардың мәліметінше, бұл проблемалардың өзектілігі барған сайын арта түспек", - деді А.Күрішбаев.

"БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, дүниежүзінде жыл сайын халық санының өсім қарқыны 1,4% құраса, өнім өндіру көлемі жыл сайын 0,9%-ға ұлғаюда. Яғни, оның кенжелеп қалғаны айқын байқалады. Тағы осы болжамға сай, 2030 жылы дүниежүзінде азық-түлікке деген сұраныс екі есе өседі. Сол себепті келешекте саясатта да, экономикада да азық-түлік өнімдерін экспортқа шығарушы елдер шешуші роль атқаратын болады", -деді Қазақстанның ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев.

Министр Қазақстан үкімет басшысының ұсынысымен ТМД елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін көтеру шараларын дәйектеуге бастама көтерілгенін және сол үшін бірлескен шаралар кешенінің жобасы жасалғанын еске салды.

"Азық-түлік қауіпсіздігі идеясының тіршілік ету қабілеті осы құжат пен осы бағыттағы әріқарайғы қадамдарға тікелей байланысты, сол себепті аталған құжатта сіздер мен біздер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқаратын барлық болашақ шаралар қамтылған", - деді А. Күрішбаев.

Отырыс барысында қуатысушыларға кешенді шаралардың жобасы таныстырылды. Ауылшаруашылығы министрлігі таратқан баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, ТМД елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін көтеру жөніндегі бірлескен шаралар кешенінің басты мақсаты - "азық-түлік нарықтарындағы тепе-теңдіктің жойылуына дер кезінде жауап қату шараларын дәйектеп жүзеге асырудың негізінде келісілген және ТМД-ға қатысушы әрбір елдің агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру негізінде әр елдің азық-түлік қамтамасыздығына қол жеткізуге бағытталған агроөнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға саяды".

"Ұжымдық азық-түлік қамтамасыздығын қамтамасыз ету проблемасының шешімін Достастық халқын бірінші кезекте оған қатысушы барлық мемлекеттердің агроөнеркәсіптік өндіріс әлеуетінің есебінен басты базалық азық-түлік өнімдерімен жеткілікті әрі тұрақты деңгейде қамтамасыз ету арқылы табуға болатын секілді", -делінген баспасөз баянында.

"Ол үшін ТМД-ға қатысушы елдердің азық-түлік қауіпсіздігін көтеру, нормативтік-құқықтық қамтамасыздықты ескере отырып өзара тиімді сауда-саттық қатынастарын қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ, ТМД елдерінің өзара ықпалдастығын ұйымдастырушылық және институционалдық тұрғыда қайта құруға бағыттаған шараларды мақсатты түрде бірізді жүзеге асыру қажет. Оған қажетті барлық алғышарттар бар", - делінген құжатта.

Отырыс барысында ТМД елдерінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі үкіметаралық кеңесінің жаңа төрағасы боылп Қазақстанның ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев сайланды.