БҰҰ-ның дін мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Қазақстанға келді

25-наурыз бен 5-сәуір аралығында өтетін сапар барысында ол үкімет, діни бірлестіктердің өкілдерімен және Астана, Алматы, Қарағандыдағы қоғамдық ұйымдармен кездеседі, делінген БҰҰ адам құқы жөніндегі Жоғары комиссары басқармасынан таралған ақпаратта.

"Қазақстан адам құқы саласындағы өзінің халықаралық міндеттемелерін қалай жүзеге асырып отыр және елде әр түрлі діндер көп болған жағдайда әркімнің діни, діни емес танымдарының теңдей құқықтары қалай қамтамасыз етіліп отыр, сол туралы нақты түсінік алғым келеді», деді Х.Билефельдт, оның сөздері хабарламада келтірілген.

Сапар нәтижелері бойынша Х.Билефельдт 2015 жылы наурыз айында БҰҰ адам құқы жөніндегі кеңесіне өзінің қорытындылары мен ұсыныстары мазмұндалған баяндама өткізеді.