Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Қазыханов бастаған қазақстандық өкілдер де қатысқан.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өз сөзінде Е. Қазыханов Орта Азияның халықаралық саясаттағы артып келе жатқан рөлін тілге тиек еткен.
"Аймақ елдерінің біріккен күш-жігері бұрынғыдай халықаралық лаңкестікке, діни экстремизмге қарсы күреске, сонымен қатар есірткі заттарының заңсыз айналымы мен таралуына және қылмысқа қарсы күреске бағытталуға тиіс",- деп атап өтті министрдің орынбасары.
Баспасөз баянында хабарланғандай, қазақстандық өкілдер жетекшісі Ауғанстанда сақталып отырған тұрақсыздық, радикалдық және экстремистік идеялар экспорты, босқындар және көші-қон проблемасына байланысты қауіп төндіретіндігін атап көрсетті. Осыған байланысты ол, Ағанстанның экономикасын қалпына келтіруге көмек көрсетудегі күш-жігерді пәрмендендіру қажет, деп атап өтті.