Қазақстан Елбасының пікірінше, "қазіргі халықаралық қарым-қатынастар жүйесі жаңалауды талап етеді. Бұл жұмысты дүниежүзіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғаушы бас мекеме - БҰҰ-ын жаңалаудан бастаған жөн".
Сонымен бірге, Н.Назарбаевтың пікірінше, "БҰҰ бас ассамблеясының қазіргі заманғы ең өзекті проблемаларды шешудегі ролін күшейту қажет". "Бұл шаралардың барлығы да халықаралық қарым-қатынастарды демократияландыруға түрткі болар еді. Ал бұл әлем елдерінің мүддесіне сәйкеседі",- деді мемлекет басшысы.