БҰҰ-ның жанындағы ҚР өкілі жуырда Қазақстан қосылған Халықаралық пактілердің түпнұсқасына қол қойды

Қазақстан аталмыш құжаттарға қараша айының соңында қол қойып, мемлекет басшысының тиісті жарлықтары шықты.

Қол қою салтанаты барысында Қазақстан жағы БҰҰ-ның құқықтық мәселелер жөніндегі кеңсесінің басшылығына халықаралық құжаттарды бекіту барысында олардың мәтініне ұлттық заңнамаларға сәйкес тиісті ескерту түсініктемелер енгізу құқығын сақтап қалатынын хабарлады.
СІМ-нің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, республикада адамдардың жынысына, этникалық немесе діни көзқарасына қарамастан адам құқығы мен негізгі бостандықтарын құрметтеуді қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Сол себепті халықаралық құжаттарға қол қою - адам құқығы мен бостандығын, демократияны дамытуға бет бұрған Қазақстанның басты бағдарын одан әрі жалғастыру болмақ.