Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Ерзатты буындырып өлтіріпті, денесін балықшылар тапты. Бүгін жерледік…
4 күн бойы қайнысын шарқ ұрып іздеген жеңгесі осылай деп жазып жіберіпті. Төбемнен біреу суық су құйып жібергендей болды. Жасы небәрі 26-да. Күзде ғана үйленіп еді. Жақында әйелінің жүктілігіне қуанып, өмірді енді бастаған кез. Жап-жас, өмірге келді, кетті…
Мынау марқұмның камераға түсіп қалған соңғы видеосы. Автобустан түскен сәттен қолында телефон, жан-жағына қарап алаңдап біреуді (не кездесу орнын) іздеп келе жатқандай. Ерзатқа соңғы қоңырау шалған кім? Кіммен кездесті? Неге келіспеді? Кім өлтірді полиция анықтап, заң жазасын берер.
Қорқыныш басқада, жоғалған адамның бәрі өле берсе сұмдық қой”, - деп жазды журналист.