Бұзақылар Малыбай ауылының 7 тұрғынының құрылыстары мен көліктерінің терезелерін сындырып кетті

Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оны тергеу және бұзақыларды қамауға алу үшін ІІД және Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ қызметкерлерінен тұратын тергеу тобы келіп жетті, - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Оқиғадан кейін қоғамдық тәртіпті сақтауға ауылға Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ мен облыстық жол полициясының жеке құрамы тартылған. Баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, қазіргі уақытта аудандағы жағдай бақылауда отыр.