Бұзақылар Мәншүк Мәметованың ескерткішін қорлаған

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі бұзақылардың анықталып, жауапқа тартылуын заң орындарынан талап етіп отыр.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде асқан ерлік көрсетіп, өзі қорғаған Невел қаласында қазақтың батыр қызына 1978 жылы ескерткіш орнатылған. Мәншүк Мәметованың сүйегі де Невел топырағында жатыр. Тіпті, пулеметші қыздың атына көше де берілген.