Бұзақылардан оңбай таяқ жеген топ-менеджердің енді өзі шатылып жатыр


Ержанов 2012-2013 жылдары Қостанай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарған. Сол кезде қызметін асыра пайдаланды деген күдік туып, қаржы полициясы тексеруді бастаған екен. Алайда Қалымжан Ержанов қылмыстық істі тез жабуды жөн деп тапса керек, қаржы полициясы қызметкерлеріне пара бермек болыпты. Сөйтіп, 6 мың доллар салынған конвертті тапсыру кезінде қолға түскен. Экс-шенеунік айыбын да бірден мойындады. Айта кетсек, күні бүгінге дейін «Ертіс» футбол клубына жетекшілік еткен Ержановтың мамыр айында ғана бұзақылар тура үйінің алдында басын жарып кеткен болатын.