Бұзылам деген адамды тоқшылық та, жоқшылық та бұзады - Жұлдыз Әбдікәрімова

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Әйелдер өзінікінен бұрын өзгенің ақшасын санағанды жақсы көреді. Әсіресе, күйеуінің жалақысын түспей жатып, ойша жаратып жібереді. Ақшасы азайып бара жатса, көңіл-күйі де түсіп бастайды.

Жалпы, біздің тәрбиеде ақшамен қарым-қатынасымыз дұрыс емес:
1. “Ақша қолдың кірі” дейді. Жоқ, ақша қолдың кірі емес, ақша - маңдайдағы тер, тап-таза еңбек.
2. “Бай болу - жаман”. Жоқ, бай болу - бар болу. Бар болғанның несі жаман?!
3. “Бай болу - сараң болу”. Мұнымен де келіспеймін. Бар адам қолында болған соң береді, жоқ болса несін береді. Бай болу - өзіңде барыңмен, артылғаныңмен бөлісу", - деп жазды.

"Ақша көп болса бұзылып, жаман жолға түсіп кетеді деген бар" деген оқырманына Жұлдыз Әбдікәрімова "ол әр адамның сана-сезіміне байланысты. Бұзылам деген адамды тоқшылық та, жоқшылық та бұзады", - деп жауап берді ол.